2 страница14 марта 2024, 17:29

Қызығушылық

Біраздан соң даяшы қолында кофе қойылған ыдысымен әдепті,тастай болып жүріп келді де үстелге қойды.
-Мінеки.
-Рақмет.
Мелиса кофе суып болғанша терең ойда отырды.Ол не ойлады? безгісіз...Кафе іші толы адам.Ішке ұзын бойлы қара торы ер адам кіріп келді де жан жағына біраз қарақтап бос орын жоқтың қасы екенін ұқты.Жақын жерде отырған Мелиса отырған үстелге жайғасты.
Қарсы алдына келге ер азаматты байқап ойы бөлініп кетті.
-Сәлем-деп Мелисаға жалт қарады ер адам.
-Сәлем!-қыз ойша ер азаматты зерттей бастады.Қара қою шашы артқа қайырылып ерекше көрік беріп тұр өзіне,жанары жалт еткен өткір,қолдары ірі көрінді Мелисаға.Шамасы денесін шымыр етіп жаттығу жасайтын секілді. Бетінде сақал мұрт жоқ тіпті.Ірі денелі.Ол да терезеге қарай ойланып отыр.Ыстық шәй мен тортқа тапсырыс берді.Біраз үнсіздіктен соң ер адам Мелисаға қарап сөйледі.
-Жаңбыр..осындай күнде тыныштықта отырған қандай жақсы еді!-деді де"келісесің бе?"дегендей оған қадала қарады.
-Маған да ұнайды-қыз да өз ойын жасырмады.-Бірақ сыртқа шығып жаңбыр астында жүгіргенге жетпейді!.Жігіт жымиып күліп жіберді де,кейін өз ісіне ұялғандай жанарын жалтарды.
-Не болды?-деп Мелиса түсінбей қарады.
-Жаңбыр астында жүгіру...мен де солай жүгіретін едім.Қазір шықсам мені есі ауысқан біреу ма деп ойлап қалатын шығар деп отыр едім,ойымдағыны қойып салдың!-деді де қайта терезеге қарады.Мелисаның да күлкісі келіп кетті.
-Сен жалғыз есінен ауысқан емессің онда,мен де бармын.
-Қуаныштымын!-деді де даяшыға көзі түсіп кетті.Шоколадты тортты көріп Мелиса өзі де жегісі келіп кетті,бірақ оның ендігі кетуі қажет,кофесін де ішіп болып қалды.

2 страница14 марта 2024, 17:29