12 страница14 марта 2024, 17:40

Уақыт

МЕЛИСА:

Қап,мен Джейкке ескертуді ұмытып кетіппін ғой!Ол күтіп-күтіп кеткен болар.-деп Мелиса күйінеді.

Ертеңіне.Таңғы сағат-8:40

Бұл уақытта әдетте Джейк жұмысқа кетуге дайындалып жатады.Жейдесін үтіктеп жатыр.Үстінде киім жоқ.Ыстық кофенің суығанын күтіп тұр.Кофені ол әр таң сайын ішеді.Ол үшін бұл наркотик сияқты болып кеткен.Онсыз таңы атпайды.Үтікті суырды.Осы кезде есік қағылады.Асықпай бара есік ашса,қарсы алдында Мелиса тұр.Ол сәл төмен қарап,біраз үнсіз тұрды.Шамасы өз кінәсінен ыңғайсызданып тұр.Бұны Джейк бірден түсінді де өзі бастады:
-Сәлем,Мелиса.
-Сәлем..
-Бұндай уақытта сені келеді деп ойламадым.
-Келдім ғой(Джейк оның бұндай батылдығына қайран қалады,танысқан күндері де нақты-нақты сөйлеген еді)
-Төрлет-деп есікті айқара ашты.Бұған дейін жартылай байқалған денесін,енді толық көрген Мелиса сәл ыңғайсызданып қалды.
-А,бұл..мен жейде үтіктеп жатқам..
-Иә,иә түсінемін ғой.Ештеңе етпейді.

Олар ас бөлмеге барып бірге отырып ашық сөйлесті.Мелиса шын жүректен кешірім сұрады.Әзілдер айтып күлді.Ақыры уақытқа қарап,Джейк бүгін жұмысқа бармаймын деп шешеді.Сөйтіп екеуі толық ашық сөйлесе бастайды.Қарым қатынастары"жәй таныстан"достыққа бір қадам жақындай түседі.Жалпы күні бойы бірге уақыт өткізеді.Тамақ әзірлейді,билейді,комедия жанрында фильм қарайды және..және..Джейк Мелисаны сүйді.

12 страница14 марта 2024, 17:40