11 страница14 марта 2024, 17:39

Қылмыс орны

Камераны ашып қарады.Видеода шалдың қалай өлгені анық көрсетілген.Мелиса сенгісі келмеді,бірақ айғақ нақты еді.Камерада тамақтанып отырған шал,қасында ер кісі де отыр.Жүзі анық көрінбейді.Өте қысқа видео.Стакандағы бір сұйықтықты ішкеннен соң шал ұйқыға кетеді.Бұл жайлы Мелиса қалғандарына хабарлайды.Дереу заттарды қарастырып,зерттеу жүргізеді.Алайды сол шал уланған стаканды таппады.Дәрігерлер болса оны қылқындырып өлітірген деген шешімге дәлел келтіреді.
Видеоны мұқият қараса қасындағы ер кісіннің қолындағы құс бейнесі салынған татуды байқауға болады.Екеуі жақсы әңгімелесіп отырып,әңгіме шалдың талып құлап түсуімен аяқталады.Одан соң ер кісі түк болмағандай кері бұрыла кетіп қалады.Бұл татуды Мелиса да байқады.

Осы уақытта:

Күте-күте сарғайды Джейк.Ақыры кері қайтуға шешім қабылдады.Үйіне қайтты да сырт киімін лақтырып тастады.Мүмкін шұғыл жағдай болып қалған шығар деп ойлады.Ақ әдемі гүлді суға салып қойды.Сылқ етіп,диванға отыра кетті.Бұл оның ұзақ жылдардан кейінгі алғашқы кездесуі болатын,дәлірек айтқанда болмай қалған сәтсіз кездесуі!Ішін өртей өзіне сұрақ қойды...мүмікін ол айнып та қалған шығар,бәлкім?...
Осылай тұңғиықта ойлана қолын сілтеп жатты.Атап айтқанның өзінде ол..детектив емес пе?О нақұрыс,қарғыс атқыр!Ол тыным таппай жұмысын жасап жатқан болар..Бәрін білсе ше?Бұл ойлар ойын сан саққа жіберді.Жүйкесі жұқара бастады.Ашу не..ыза..әлде қорқыныш,осы сезімдердің бірі келіп кетті.
-О,Құдай..кешір!..кешір мені!-деді қолын маңдайына басып жатып,бәсең әлсіз дауыспен.-Мен оны қаламадым,рас айтамын!

11 страница14 марта 2024, 17:39