Күтпеген хабар
Үй жанындағы парк.Адам саны аса көп болмаса да,біраз жетерлік.Кешігіп қаламын ба деген оймен еп-ерте келіп алған Джейк отырғышта күтіп отыр.Өте жақын жерге оның не үшін көлікпен келгені беймәлім.Осылай қақшиып отырғанына он минуттан асқан шығар,сірә...Мелисаның көлеңкесі де көрінбейді.
Сақадай сай,сыптай сұлу болып үйден шығып бара жатыр еді Мелиса.Қоңырау дыбысы естілген соң,жауап берді:
Чап Кларк:Қайырлы кеш!Мелиса ханым.Шұғыл жұмыс..жұмыс орнына келуіңізді өтінемін.
М:Саламатсыз ба,шұғыл не болып қалды екен?
Чап Кларк:Жанбатэс мырзаны өлтіріп кетіпті.Кеше кеште табылған.Тергеуге,істі қарастыруға мамандар жиналуда.
М:А..ж-жақсы он бес минутта боламын!
Осыны айтты да қыз бөлімшеге асыға аяқ басты.Жолай таксиге отырды.Ойына әртүрлі сұрақтар келді...
Бөлімше алды адам аз,полиция көп.Жиналып қалыпты.Гүбір-гүбір дауыстар,қағазды ары-бері парақтаған тексерушілер,есепшілер.Мелиса көліктен түсе ішке кірді де,көзімен айналаны шоли бастады.Бір бұрышта тұрған кезекші полицей Мелиса кірген бойда оған қарай жиі қадам баса жанына келді.
-О,Құдайым,тезірек келсеңіз болмас па еді-деді Мелисаға асығыс қарап-Жүріңіз,жүріңіз,үстіге-деді.
Чап мырза өз кәбинетінде терең ойда отыр екен.Мелиса кірген кезде де мән бермесетен жерге қарап тесіле қалған.
-Чап мырза..-деді қыз басын сәл еңкейте.
Чап мырза ұйқысынан оянған адамдай селк етті.
-Мелиса..отыр,отыр-деді де қоңыраушаны басып-Дэйзи,екі кофе әкелші-деп бұйырды.
-Бұл қалай болғаны?Неге Жанбатэс мырзаны өлтірді сонда?-деп ойлана сұрақ қойды Мелиса.
Чап мырза асықпай,әр сөзін жинап нақты нақты қойды-Өз жұмыскерімізді өлтіру кімнің ойына келсе,түпкі ниетінде бір құпия жатыр.Салиннің ісін талқылау барысында..-көзінен от шаша кетті-ДӘЛ ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА..оның көзін құртқан-Деп айқалағандай болды да,өз даусынан шошып қайта бәсеңдеді.
-Сол үйді тағы тексеріп шықпасақ болмайды-деді Мелиса бәсең үнмен.
Чап мырза орнынан атып тұрды:
-Иә,біз ол жаққа адам жібергенбіз..сіз де барыңыз.Қазір екенші көлік кетейін деп жатыр.Соған қосылып кетіңіз.
-Жақсы,мен онда кете берейін,қалғанын сосын талқылаймыз-Деп кәбинеттен шығып кетті.Астыға түсті де,сырттағы көлікке бет алды.Көлікте үш адам отыр екен.Бірі Чап мырзаның оң қолы.Арықша келген ұзын бойлы,қалың қасты,қаралау келген 30 жас шамасындағы ер кісі.Жанында Қою,тіке қара шашты сыптай қыз отыр.Қатты ойға батқан секілді.Мелисаның кіріп отырғанына да мән бермеді.Рөлде отырған жүргізуші.Саусағымен орындықты тықылдата соғып,күтіп отыр.Мелиса отырған соң бірден:
-Мелиса ханым?-Деп артқа бұрылды.
-Иә.
-Болды түгел.Кеттік-деп көлікті оталдырды.
