Ой
Қызық,мен оны жәй ғана серуенге шақырдым.Біртүрлі сезім ішімде ойнақ салуда...
Бірнеше күндер өтті.Джейкке ішіндегі ойлары маза бермеген соң,ақыры Мелисаға хабарлама жазуға шешім қабылдады.Мүмкін оның да ойы сан саққа кетіп жатқан болар.Солай болған күннің өзінде,ол қыз бала емес пе?Оған бірінші жазғысы келмеген шығар.
Түскі уақыт.Телефонды алып,не жазарын ойлай бастады."Сәлем,немен айналысып жатырсың?"деп жазғысы келді.Бірақ тым асығыс көрінген секілді.Басқаша өзгертіп жазып жіберді.
"Сәлем,мен Джейк!"
Бүгінгі күні Мелисаға демалыс.Үйін ретке келтіріп,түскі ас пісіруде.Оның қолынан дәмді тағам жеу аса бола қоймайтын.Бірақ жеуге жарайтындай етіп пісіре алады.Қуырылған картоп пен шұжық,қызанақ...қарапайым дәмді ас!Пісіріп болып,енді үстелге жайғасып жатыр еді,телефонына хабарлама келді.
:БЕЛГІСІЗ НӨМІР:
"Сәлем,мен Джейк!"
Көрді де бірден түсінді.Сәл жымиып ойланды да жауап қайтарды.
"Сәлем!"
Жауап күтіп отырған Джейк те бірден оқыды.Әрі қарай екеуі әңгімелесіп кетті.
Дж:Немен айналысып жатырсың?М:Түскі ас ішіп.
Дж:Асың дәмді болсын.
М:Рақмет.
Дж:Алл..бос уақытың барма?Кешке?
М:бүгін менде жұмыс жоқ)
Дж:Ондай кешке серуендеп келейік)
М:әрине,бір..алтыларда шағайық?
Дж:Жақсы.
М:Ок,сау бол!
Дж:Көріскенше!
Бүгінгі кешке екеуі кездесуді жоспарлағаннан кейін,өз істерімен бұрынғыдай айналыса алмады.Аздап қобалжыды.
