8 страница14 марта 2024, 17:36

Джейк

Осындай диалогтан кейін Джейк Мелисаға серуендеп келуге ұсыныс жасағысы келді.Ойлана қарап тұрды да көзіне тіке қарады.
-Мүмкін біраз серуендеп қайтармыз?
-Жарайды-деді,терең тыныс алып.
Саябаққа қарай бет алды.Екеуі асықпай жүріп келеді.
-Мен..-деді Джейк айтам ба жоқ деп ойлап.Мелиса үндемеді.Бірақ тыңдады.
-Мен алдында..сені көрдім.
-Мені? Қай жерден?
-Полицей бөлімшесінен.
-Бәсе,бірау қарағандай болды.Неге келмедің?
-Сен кіріп кеттің.
-Түсінікті.
-Осы жерде балмұзадақ сататын орын бар,қаласаң соған барайық..-қабағын көтере.
-Барсақ барайық.

Біраз жүріп сататын орынға келді.
-Саламатсызба,екі балмұздақ.Бір шоколадтты,бір...
-Мағанда сол!
-Жақсы,екі шоколадтты.-деді Джейк.

Сәл жел соғып тұрса да,салқын емес.Ауа райы жайлы.Бірақ күн жоқ.Бұлттар басып,аздап сұр реңк береді.Шын мәнінде Мелисаға бұл ауа рай қатты ұнайтын.Екеуі де тәтті балмұздақ жеп,әңгіме дүкен құрып келе жатты.Бірде өзінің өткен өмірлері жайлы айтса,бірде болашақ жайлы сөз қозғайды.Джейк осы қалада туып өскен,ал Мелиса біраз жыл бұрын көшіп келген.Әрине өзі арман куып,жұмыс жасап.Екеуінің де жастары келіп қалса да өмірлік қосақ табуды немесе біреумен махаббат аясында жолығу жайлы ойлап көрмепті.Оған не себеп?Белгісіз...

Осылай енді кешқұрым болып, үйге қайтуға қамдана бастағанда,қыз бірден қойып салды:
-Бұл..бүгін болған қыз бен жігіт арасындағы кездесу деп санамағаның дұрыс болады.Дәлірек,таныстардың кешкі серуені!-деп көзіне тік қарады.Бәлкім басқаша бір жауап күтті ме.
-О,әрине түсінемін.-деп Джейк күле басын изеді.Дұрыс,ол бәрін түсінді ғой.Және ол бұл қызға ешқандай да бір..ғашықтыққа ұқсас сезім сезбейді.Иә!бұл жәй адам мен адам арасындаға,жеке тұлғаға деген қызығушылық..немесе бір достық!
-Мен бір көрген адамның құшағына құлай кетуден аулақпын-деп қыз ойын дұрыс жағынан жеткізгісі келді.-Егер сен дұрыс түсінсең-деді желмен ұшқан шашын артқа итеріп.
-Мен бәрін дұрыс түсіндім.Бүгінгі кеш қызықты болды.Сол үшін алғыс білдіремін!-деп қолын созды.
-Мен де,көп рақмет!
Екеуі қол алысып,өз жолдарымен қош айтысып кете барды.

8 страница14 марта 2024, 17:36