Қайта кездесу
-Демек оны екеуі бірігіп те істеуі мүмкін дейсіз ғой?-Қайта шашын сипап-Солай ма?
-Әбден мүмкін..-Мелиса ойлана бір нүктеге тесіліп қарап қалды.
-Болған іс қалай жасалды екен деп басыңызды қатты қинамаңыз-деді Чап мырза көзіне тіке қарап-Бұл бәрібір соңында айқын болады.
-Әрине,дұрыс айтасыз.Олай болса мен қылмыс болған орынға барып келсем жөн шығар?
-Жақсы,қалауыңыз білсін-деді де кофесін ішті.
Мелиса шығып кетті.
Мелиса полиция бөлімшесінен шығып кетті.Әлгі шалдың үйіне барып қарап келді.Есік алдындағы камераны да тескерді.Саусақ іздер нәтижесін қарап,сараптама жасады.Нәтижесі кімнің қылмыскер екенін айқын көрсетті.Оның алыстағы қарындасы екі күн бұрын қонаққа шалдың үйіне келіпті.Сонда қылқындырып,мәйітті жертөлеге көміп кетіпті.Ол өлген соң байлық маған қалады деп ойлаған шығар.Иә,заң бойынша ол шалдың жалғыз туысы болғандықтан соған тиісті болады.
4-күннен соң.
-Делелдер нақты сәйкес келеді,сізге үлкен рақмет!-Чап мырза орынан тұрып қолын созды.
-Оқасы жоқ,бұл менің жұмысым ғой!-Мелиса жымиа төмен қарады.Солай енді алдына қарап еді терезе артынан біреуді көріп шошып кетті.Сығалап тұрған ер адам.Мелиса оны бірден таныды.Үрейлене қайта шегініп:
-Ал онда мен кетейін тағы шаруаларым бар еді.
-Мархабат!
Қыз алды-артына қарамастан шықты,есік алдына қарап әлгі сығалаған адамды іздеді..Жоқ!Терезе жаққа барды.Сәл тарлау,қуыс бар екен.Мелиса сығалаған кісінің сол жерде тығылып отырғанына сенімді болды.Жәйлап барды да қарап қалды.Ешкім жоқ екен.
-Уфф,кетіп қалған ба?!Оңбаған,солай да қарауға бо-Деп айтып болмастан оны біреу иығынан тартып алды.-Аааа,кім бұл!
-Тынышш,менғой-Деді ер адам оның көзіне қарап,иығынан қатты қолдарымен жібермей ұстап тұр.
-Сен?-Таңқалды,жан-жағына қарап қашып кетуге жол іздеп тұр.
-Иә,мен-деп күлді.
-Мұнда не істеп жүрсің? Мені аңдып жүрсің бе?-жындана бастады.
-Құдай сақтасын! Сені аңдып қайтем,мен бір нәрсе іздеп жатыр едім-деді басын шайқай күліп.
-Нені?
-Мен қазба жұмыстары кезінде бағалы жануардың сүйегін тауып алған едім.Қалтамда түсіп қалған-деп сәл қынжылды.
-Алл,мені неге бұлай ұстап тұрсың?-деп басын изеді.
-Қалай?-ол өзінің қалай тұрғанын енді байқағандай-Ойй,кешір,-деп қолын тартты.-Жәй сені кабинеттен көріп қалдым,мұнда келетініңді,айқайлатыныңды біліп..
-Жақсы,түсінікті-деп кетіп бара жатыр.
-Мелиса!
-Иә?
-Тағдыр жолықтырады деп едің ғой!Міне,көрдім қайта.
-Иә,көрдің.
-Бары осы ғана ма?..Айтарың?-деп аспанға қарап күліп тұр.
-Ииә,тағы не бар?
-Қалайша?менің атымды білгің келмей ме?
-Атың кім?
-Джейк.
-Таңысқаныма қуаныштымын Джейк!-деп Мелиса қолын созды.
-Менде-қолын алды.-Нөміріңді бересің бе?-деп қасын көтере қарады.
Мелиса ойланып қалды.Сөйтті де сөмкесінен қағаз алып жазып берді.
