6 страница14 марта 2024, 17:34

Қылмыс

Таң.
-Саламатсыз ба?
-Тындап тұрмын.
-Салин үйінде болған қылмыс жайлы сөйлесу керек болып тұр.
-Әрине,қашан кездесе аламыз?
-Бүгін сағат  2-де Рико кафесінде.
-Келістік.

Мелиса енді жасалған қылмыс бойынша өз жұмысына кірісті.Ол енді бұл жайлы полицеймен сөйлесіп,күдіктілерді тергеуді бастайды.Таңғы асын іше сала жұмысқа кетті.Жанбатэс қоңырау шалғанда сағат таңғы сегіз еді.Бүгін күн жылы болатын секілді.Ол жеңіл,ашық түсті, тізеден түсетін ақ көйлек киді.Көк,қара түстер араласқан.Шашын бір шетке өріп алды.Бұл оның ақ денесіне жараса кетті.Үйлестіріп қара туфли киді.Ақ жылтыр жіңішке алқа(цепочка)тақты.Онда көбелек мүсіні бейнеленген.Көлігіне отыра жолға шықты.10-15 минут жолға кетті.Полицей бөлімшесіне кірді.Жан жағына жайлап қарады да,есік аузында отырған кезекшіден сұрады:
-Саламатсызба,Чап Кларк мырзаны шақырып жібере аласыз ба?
Отырған кезекші ағай қағаздан басып көтере,мұқиат тыңдады да:
-Саламатсыз ба,сіз кім боласыз?
-Мелиса,детектив.Салин үйінде болған оқиғаға байланысты келіп тұрмын.
-Жақсы,оған қазір хабарлаймын.

Қысқа бойлы қара торы,мұртты кезекші үстіңгі қабатқа көтеріліп кетті.Мелиса орындыққа отырып күтті.Іштің ауасы тар,біртүрлі сезілді.Мелиса сырқа шыққысы келді.Есік алдына шығып тұрды.Осы кезде қасынан біреу өткендей болды..Жоқ,біреу оны қарап тұрғандай сезілді.Бұрылып қарап еді,ешкім жоқ.Тек адамдар өтіп,кетіп жатыр.Бірнеше минуттан соң оны ішке кезекші мырза шақырды.
-Ол сізді өз кәбинетінді күтіп отыр.
-А,жақсы рақмет.

Баспалдақпен көтеріле полицей кәбинетіне еніп кетті.Есікті тоқылдата ішке кірді.Чап мырза кофе ішіп отыр екен.Ұзын бойлы сары шашты,40-45 жас шамасында.Кәбинет іші кең,ортада ұзын сопақ үстел.Терезеден қала еркін көрінеді.Яғни үлкен терезе.
-Қош келдіңіз!Құрметті Мелиса ханым.
-Қайырлы таң.
-Отырыңыз-жанындағы отырғышты қолымен нұсқады.
-Бұл іс жайлы не айта аласыз?-деп қыз бірден іске кірісті.
-Оо,енді...-шашын сипап-қылмыскер белгісіз.Қазірге күдікті тек ол шалдың жеке қызметшісі мен жүргізушісі.
-Меніңше осының өзі жетеді. Ал докторлары не дейді?Мүмкін оның денсаулығы тым нашар болған шығар?
-Иә,доктормен сөйлестік.Ауырып өлетіндей аса қатты нашар болмаған.Оны қылқындырып өлтірген деп шешім шығарды.Анализдің нәтижелері де осыны растайды.
-Қылқындырып?

Осы уақытта.
Таңертең ерте тұрғысы келмесе де,Джейктің бүгінгі жұмысы шұғыл болды.Дереу жиналып көлікке отырған соң,құлаған ескі діни ғимарат орынын зерттеуге аттанды.Иә,археология оның сүйікті ісі.Жолда қатты кептеліс болды.Екінші көшемен айналып баруды шешті.Жолай келе жатып дүкенді көрді де сусын алып шығуға көліктен түсті.Сыртта адамдар жетерлік.Күн жылы болса да аздап жел еседі.Кеше жаңбыр болған соң ба..Күн толық көрінбейді,бұлттасып тұр.Джейк салқын сусын алып шыққан соң біраз соны ішіп тұрды.Бір кезде алдында бес метрдей жерде орналасқан полиция бөлімшесінен қызыл-қоңыр,бұйра шашты қыз шықты да айналасына қарап тұрды.Ақ нәзік көйлек киген.Кара көк түс аралас.Оған бұл қыз таныс көрінді.Аздап жақында да кейін айнып кері қайтты.Сөйтті де көлікке отырып сәл қызды бақылады.Жан-жағына асықпай көз тастап тұрған қыз бетін бері бұрғанда,Джейк таңқалды:
-Иә,бұл сол қыз ғой?!..Әлгі кафеде сөйлескен!Ме-Мелиса!-деп өзінің не қуанғанын не таңқалғанын айыра алмай қалды.Бірақ қасына барып сөйлескенше Мелиса ішке кіріп кетті.Өзін бір нәрседен құр қалғандай сезінген Джейк:
-Қапп,енді қайта көре алам ба екен?Сөйлесе алмай қалдым-деді басын шайқап.Ұзақ уақыт болған жоқ,Джейк ақыры көлігін оталдырып жолға кетті.

6 страница14 марта 2024, 17:34