Қысқа бөлім
Үйге жеткен бойда киімін ауыстырып алды.Айнаға қарап бұйра шаштарын ретке келтіріп,ендігі ұйқыға дайындалды.Мелиса үшін бүгінгі күн қатты ерекше болды деп айтса да,айтпаса да болады.Бірақ ол ешқашан бұлай танымайтын адаммен сөйлескен жоқ.Бөлмедегі жарық сәл аздау.Жарықты қосуды қажет етпеген қыз терезеден түскен күн жарығымен отырды.Бөлме іші жаңбырдан соң түскен күннің жарығымен боялды.Тоңазытқыштан дайын ас алып,жылытып алды.Кешке шаршап келгенде ең жайлы төсек орнында отырып теледидар қарады.
(МЕЛИСА)
Бүгін қатты шаршадым.Ендігі істің жауабын табу қиын.Адамды өз үйінде өлтіріп,жертөлеге қамап кету..Өте оңай жасалған қылмыс.Үйін түк қалдырмай тонап кетті.Бірақ қартайған,жалғыз тұратын шалды тонамағанда кімді тонайды?!Онан қалса шіріген бай.Ертең саусақ іздерінің нәтижесі шығуы тиіс.
Осы кезде есік қақты.Орнынан асықпай тұрып барған Мелиса есікті ашты.
-Пицца!тапсырыс бойынша.
-Рақмет.Мінеки ақшаңыз.
Курьерь кетті.
-Ооо,пицца!қатты жегім келді.Бүгін тез әкелді ғой!Жаңбыр қайта құйып кетеді деген шығар.-дей сала төсегіне жайғасты.
