4 страница14 марта 2024, 17:31

Мелиса

Тырсылдаған дыбыс бәсеңдеді.Терезеден шағылыса шыққан күн сәулесі Малисаның көзіне түсіп,қара көзді алтын қоңыр түстей жарқырата бастағанда,қарсы алдында отырған жанның жүрегі жаңбыр суынан себелеп-себелеп жібергендей бүлк етті.Сырттағы ашылып-жабылған есік желімен қыздың бұйра қызыл-күрең шашы желп етті де қайта орнына үлпілдеп түсті.Осылай екі бейтаныс жанның әңгімесі жалғасты.
-Аздап?...түсінікті.
-Осы қаладансың ба?
-Иә,осы менің туған жерім.Айтпақшы,Лос-Анджелеске барып қайтқаныма әлі бір апта да болған жоқ.
-Лос-Анджелес? Сөзім жоқ саяхат жасау күшті нәрсе ғой.
-Жоқ,қарындас!Саяхат емес.Тура жұмыс бабымен барған едім.
-Мейлі,сонда да сол жақтың ауасы қандай болады,соның өзін біліп келдің ғой.
-Ол рас.Былай өте жақсы,ұзақ қала алмадым.
-Жалғыз бардың ба?
Жоға,өзіміздің коллегаларымыз бен бірге..он шақты адам.
-Шәйді көп ішетін сияқтысың...
-Әрине ішем,бірақ қатты көп емес,төрт мезгіл.Көңіл-күйім болмаса күніне алты,жеті рет іше беремін.
-Өзің жалғыз тұратын сияқтысың.
-Дұрыс.
-Мен де отбасымнан алыстағалы біраз болды.
-Қашаннан бері?
-2 жылдан көп болған сияқты.
-Охоо,ересек өмір,ата-анаңның қанатының астынан шығып шынайы..нағыз қатал өмірдің қандай болатынын ұғыну..мен жеке шыққан көзде қатты қиналып едім.Бірнеше күн нәр татпаған уақыттар да болды.
-Толық келісемін.Қазірде әкемнің жағдайын сұрап барып тұрамын,керек жарақтарына ақша жіберіп дегендей.Детектив болу арманым еді..Мүмкін Агата Кристи кітаптарын оқыған соң асыра сілтеп жібердім бе..-дей сала күліп жіберді Мелиса.
-Иа иа,Агата маған да ұнайды.Әсіресе"Большая Чертверка"қатты қызығып оқыған едім.
-Сол кітап..маған жазушыны алғаш таныстырып еді.
-Өте қызық туындылар.
-Иә..-деп сыртқа қарап есіне түсіп кетті-Қаап,менің кетуім керек қой!Жаңбырдың басылғаны қашан?!-деді де тұра бастады.
-Тоқтай тұршы!Нөмірмен алмассақ қарсы болмайсың ба?
-Тағы бір жолыққан кезде берермін нөмірімді-деп жымиып қарады Мелиса.
-Қайта кездесеміз бе сонда?
-Мүмкін..тағдыр салса қайта көрісеміз...
-Тағдырға қатты сенесің өзің.
-Сен сенбейсің бе?
-Иа.Бірақ осы жолы сенейін!Тым құрыса атыңды айтсайшы?
-Мелиса.
-Мелиса...

4 страница14 марта 2024, 17:31